Ирак премьері сотталған террористерді жылдам жазалауды бұйырды

Фотография - Ирак премьері сотталған террористерді жылдам жазалауды бұйырды

Ирак премьері мұны елдің әділет министрлігіне бұйырды.

301 0

Ирактың премьер-министрі Хейдар әл-Абади елдегі өлім жазасына кесілген террористердің үкімін тез арада орындауға бұйырды.  Бұл туралы "Ас-Сумария" телеарнасы хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Ирак премьері мұны елдің әділет министрлігіне бұйырды.

3 шілдеге қараған түні Бағдат қаласының орталығындағы көптеген мейрамханалар мен сауда орталықтары орналасқан Әл-Каррада ауданында екі бірдей теракт жасалды. Нәтижесінде 200-ден астам қаза тауып, жүздеген адам зардап шекті. Жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына ИСИМ (ДАИШ)* террористік тобы алды.

Кейін желіде көпшіліктің премьер-министр Хейдар әл-Абадидің теракт болған орыннан асығыс шығып бара жатқан кортежін таспен атқылаған бейнеролигі пайда болған. Адамдар тас жаудырғанымен қоса айғайлап жатқаны да естіледі. National Public Radio ұйымының мәліметінше, көпшілік премьерге: "Ұры!", деп айқайлаған көрінеді.

ИСИМ (ДАИШ)* - Қазақстан Республикасы аумағында қызметіне тиым салынған террористік ұйым.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!