Жапонияда аптап ыстықтан 6 адам көз жұмды

Фотография - Жапонияда аптап ыстықтан 6 адам көз жұмды

Тағы 3 мыңдай тұрғын зардап шеккен.

112 0

Жапонияда жан төзгісіз аптаптан 6 адам жан тапсырды. Тағы 3 мыңдай тұрғын зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілген. Бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен 3 есе жоғары, деп хабарлады 24.kz. 

Қазір елдің көптеген аймағында сынап бағанасы 40 градусқа жуықтаған. Дәрігерлер халықты күннің көзінде көп жүрмей, аса сақ болуға шақырды. Синоптиктердің болжамы бойынша аптап әлі бірнеше күн сақталады. Мамандар әсіресе шілденің аяғы мен тамыздың басында өте ыстық болады дейді. Еске сала кетейік, былтыр күннің ыстығынан жүзден астам жапондық ажал құшып, ондаған мыңы ауруханаға түскен еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!