Перьмде ұрлықшы сатушыны үш сағат бойы келушілердің көзінше соққыға жыққан

Фотография - Перьмде ұрлықшы сатушыны үш сағат бойы келушілердің көзінше соққыға жыққан

Видеоны перьмдік полицейлер өздерінің сайтында жариялады

5836 0

Ресейдің Пермь қаласында ұрлықшы кассир қызды соққыға жыққан, ал дүкенге келушілер бәрінде көріп тұрса да ешқандай амал жасамаған.

Ұрлықшы үш сағат бойы кассир қызға қоқан-лоқы көрсеткен, ал осы кезде оқиғаның куәгерлері ештеме болмағандай жүре берген: дүкен қызметкерлері тауарларды реттестіріп жүрсе, сатыпалушылар бос кассаға келіп нан мен сүттің ақшасын төлеп тұрған.

Видеоны перьмдік полицейлер өздерінің сайтында жариялады, деп хабарлайды "Россия 24".

Кадрлардан көргеніміздей, ер адам залға кіріп кассирге атылған. Ол бөтелкенің шөлмегін сындырып, кассир қыздың тамағын тақап ақша сұраған.

Қыздың "Көмектесіңіңіздер" деген жанқайқайына ешкім назар аудармаған. Үш сағаттық қорлаудан кейін куәгердің біреуі полиция шақырған. Ұрлықшы куәгердің танысы болуы мүмкін, себебі бейненің кейбір кадрлерінде кассир қыз ұрлықшының атын атағанын байқауға болады.

Оқиға орнына жеткен полицейлер қырық минут бойы қаскүнеммен келізсөздер жүргізіп берілуін талап еткен, соңында ол тұтқындалды.

Белгілі болғандай ер адам бұрындары сотталған. Қазіргі кезде оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!