Австрия Үкіметі жаңа президенттік сайлау күнін 2 қазанға белгіледі

Фотография - Австрия Үкіметі жаңа президенттік сайлау күнін 2 қазанға белгіледі

Негізі президенттік сайлаудың екінші кезеңі мамырда өткен болатын.

93 0

Енді бұл шешімді парламент мақұлдауы тиіс. Негізі президенттік сайлаудың екінші кезеңі мамырда өткен болатын. Алайда Конституциялық сот оның нәтижесінің күшін жойды. Өйткені дауыс беру барысында көптеген құқық бұзушылықтар тіркелген екен. Ол кезде Австрияның Еркіндік партиясының өкілі Норберт Хофер мен "Жасылдар" партиясының бұрынғы жетекшісі Александр Ван дер Беллен таласқа түскен еді. Саяси шара қорытындысы бойынша Ван дер Беллен қарсыласынан 30 мың дауыс көп жинап, жеңіске жетті. Ал елдің қазіргі президенті Хайнц Фишердің өкілеттігі 8 шілдеде аяқталады. Австрия Конституциясына сәйкес, оның міндетін Ұлттық кеңес президиумының 3 мүшесі атқаруы тиіс, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!