АҚШ әуе күштері Сирияда өз жақтастарын қақытығыс уақытында тастап кеткен

Фотография - АҚШ әуе күштері Сирияда өз жақтастарын қақытығыс уақытында тастап кеткен

Бұл жоспарланған операцияның күйреуіне әкеліп соқты.

253 0

АҚШ ӘӘК өзінің жақтастарын Сирия аумағында қақтығыстың ауыр кезінде тастап кеткен. Бұл жоспарланған операцияның күйреуіне әкеліп соққан, деп жазады Today.kz американдық The Washington Post баслымына сілтеме жасай отырып.

Газеттің мәлімет көздері 28 маусым күні американдық ұшқыштар Сирияның шығысындағы Абу-Кемаль қаласын алу кезінде сириялық оппозиция күштерін қолдауға бұйрық алған. Қақтығыс қызған сәтте ұшқыштар ол аумақты тастап, көршілес Ирактағы Әл-Фаллуджа қаласына бет алуға бұйрық алған.

Пентагон өкілі Крис Гарвердің айтуынша, басшылық Әл-Фаллуджадан ығыстырылған ИСИМ (ДАИШ)* ұйымының колоннасының көзін жою маңыздырақ деп шешкен. Нәтижесінде содырлар коллонасы жойылып, жүздеген террорист көз жұмған.

Ал Әбу-Кемаль маңындағы Ерікті сириялық әскер жасақтары шегінуге мәжбүр болған.

Бұл ақпаратты "Жаңа сириялық әскердің" басшысы Мұхаммед Таллаа да растады. Оның үстіне сириялықтар өздерінің әуеден қолдаусыз қалғанын білмеген де.

АҚШ бастаған 66 ел коалициясы ИСИМ позицияларын 2014 жылдан бері бомбалап келеді. Сирияда бұл операциялар ел үкіметінің рұқсатынсыз жүргізілуде.

ИСИМ (ДАИШ)* - Қазақстан Республикасы аумағында қызметіне тиым салынған террористік ұйым.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!