Ресейдегі федералды күре жолдардың 90% стандартқа сай емес

Фотография - Ресейдегі федералды күре жолдардың 90% стандартқа сай емес

Бұл туралы Ресей көлік министрінің бірінші орынбасары Евгений Дитрих мәлімдеді.

210 0

Ресей көлік министрінің бірінші орынбасары Евгений Дитрих министрлік коллегиясының кезекті отырысында елдегі федералды күре жолдардың көпшілігі стандартқа сай келмейтіндігін айтты, деп хабарлайды Тoday.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, федералды күре жолдардың 50 мың киллометрінің 10% ғана техникалық сипаттамасы бойынша қазіргі жылдамдық, қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сай келеді. Оның үстіне, жүк тасымалында автомобильді көліктер жетекші орынға ие – 70 пайыздай.

Ал көлік министрі Максим Соколов ресейліктердің жол сапасын арттыру талабы әділ екенін, ал күре жолдар желісі мен жылдам жүруге арналған жолдар салу елдің экономикалық даму деңгейін көтеретіндігін айтты.

Сөз соңында премьер-министр Дмитрий Медведев 40 жыл бойына ауыспаған жол құрылысының нормативтерін жаңарту қажеттілігі мен осы салада бәсекелестікті дамыту керектігін айтты.

Ресейдің көлік бақылау органының есебі бойынша елдегі жолдардың жалпы ұзындығы 1,4 миллион километр. Ал ондағы федералды күре жолдар ұзақтығы 51 мың киллометрді құрайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!