Испанияда бұқалармен жарыста төрт адам зардап шекті

Фотография - Испанияда бұқалармен жарыста төрт адам зардап шекті

Ауруханаға түскендердің үшеуінің бассүйегі жарылып, біреуінің қолы зақымданған.

166 0

Испанияның Памплона қаласында бұқалармен жүгіру сайысы кезінде 4 адам жарақат алды, деп хабарлады 24.kz. 

Ауруханаға түскендердің үшеуінің бассүйегі жарылып, біреуінің қолы зақымданған. Биыл қаны қызу жандар мүйізі қарағайдай бұқалармен тар көшеде 2 минут 28 секунд жүгірді. Жан сақтау үшін жанталасатын шараға 6 бұқа мен мыңға жуық адам қатысқан. Айта кеткен жөн, VIII ғасырдан бер, өтіп келе жатқан Сан-Фермин фестивалі 6 шілдеде басталды. Сегіз күнге созылатын шараны тамашалауға жыл сайын миллионға жуық турист келеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!