Жириновский Ресей банкнотында Алматы көріністерін орналастыруды ұсынды

Фотография - Жириновский Ресей банкнотында Алматы көріністерін орналастыруды ұсынды

Сурет: ldpr.ru

Ресейде жаңа купюралар айналымға енгізіледі.

1449 0

Ресейдің либералды-демократиялық партиясының көшбасшысы Владимир Жириновский 2000 рубльдік купюрада өзінің туған қаласы Алматының бейнесін орналастыруды ұсынды, деп жазады Today.kz партияның ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

"Біз 200 рубльдік купюраға Зюганов дүниеге келген Мымрино деревнясы мен омартаның суреттерін орналастыруды ұсынамыз. Бұл Геннадий Андреев пен елдің барлық омарташыларына деген құрмет. 2000 рубльдік купюраға Владимир Жириновскийдің туған қаласы Алматының көріністері орналастырылса, бұл Ресей мен Орта Азия достығының белгісі болады. Коммунистерде ұзақ жылдық басқарудан кейін бал ғана қалды, ал Қазақстан – Ресейдің сенімді және адал серіктесі. Сондықтан осындай түрлі купюралар біздің уақытымыз үшін символикалық болар еді", - делінген партияның ресми сайтында.

РФ Орталық банкі 200 және 2000 рубльдік құны бар қағаз ақшаларды безендіру нұсқаларын қарастыруда. Айналымға жаңа купюралар енетіндігі жайында ОБ төрайымы Эльвира Набиуллина мәлімдеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!