Ұлыбритания Ауғанстанға 50 жауынгерін жібермек

Фотография - Ұлыбритания Ауғанстанға 50 жауынгерін жібермек

Британия Еуроодақ құрамынан шыққан күннің өзінде әлемдік аренада ықпалды жетекші мемлекеттердің бірі болып қалатынын айтты.

268 0

Ұлыбритания билігі Ауғанстанға 50 жауынгерін жіберіп, елдегі әскер санын 500 адамға жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлады 24.kz.

 Бұл туралы Варшавада өткен НАТО саммитінде Корольдіктің премьер-министрі Дэвид Кэмерон мәлімдеді. Ол лаңкестермен күресте ауған қауіпсіздік қызметімен байланыстың маңызды екенін атап өтті. Оған қоса, Британия Еуроодақ құрамынан шыққан күннің өзінде әлемдік аренада ықпалды жетекші мемлекеттердің бірі болып қалатынын айтты. Королдік әскері онда лаңкестермен соғысқа тура қатыспағанымен, жергілікті жауынгерлерді жаттықтырады. Айта кеткен жөн, Ұлыбритания ауған қауіпсіздігі үшін 2020 жылға дейін 91 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлмек. Ал Президент Ашраф Гани басқаратын билікті қолдауға 231 миллион доллар беруді жоспарлап отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!