АҚШ-та орман өрті ырық бермей тұр

Фотография - АҚШ-та орман өрті ырық бермей тұр

Абырой болғанда, құрбандар мен жапа шеккендер жайлы ақпарат жоқ.

678 0

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының іргесінде орман өрті өршіп тұр, деп хабарлады 24.kz. 

Абырой болғанда, құрбандар мен жапа шеккендер жайлы ақпарат жоқ. 2 мыңға жуық тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір көкке шап-шыған жалынмен 200-ден астам өрт сөндіруші арпалысып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға күшті жел мен күннің ыстығы кедергі етуде. Өйткені өңірдегі ауа температурасы 30 градустан жоғарылап кеткен. Ал оттың нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Оған жол-көлік апаты себеп болуы мүмкін деген болжам бар. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!