Түркияның ресейлік туризм нарығына оралуы өзге бағыттар құнын құлдыратып жіберді

Фотография - Түркияның ресейлік туризм нарығына оралуы өзге бағыттар құнын құлдыратып жіберді

Бағаның орташа құлдырауы 10-11 пайызды құрады.

245 0

Ресейде Түркияға туристік жолдама сатыла басталғалы өзге бағыттарға бағаның құлдырауы байқалады, деп жазады Today.kz.

Ресейлік туристер жиі баратын бағыттарға баға 10-11 пайзға құлдыраған. Ал Туниске барар турдың орташа құны 40 пайызға арзандап кеткен.

Бағалардың төмендеуі өзге бағыттарға деген сұраныстың төмендеуінен болған. Ресейлік туриндустрия одағының өкілі Ирина Тюринаның айтуынша, өткен аптада Кипрге сұраныс 50 пайызға, Туниске – 15 пайызға, Грекияға 5 пайызға төмендеген.

Мұның алдында ресейлік туристер мінген ұшақ Анталияға қонғаны хабарланған. Барлық жолаушыларды гүл шоқтары мен дастархан жайып күтіп алған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!