Германия Чехия есебінен 500 кв. метрге ұлғаюы мүмкін

Фотография - Германия Чехия есебінен 500 кв. метрге ұлғаюы мүмкін

Неміс картографы Рольф Бем Германияның жер аумағы кеңірек екендігін дәлелдеуде.

321 0

Неміс картографы Рольф Бем Германияның жер аумағы ресми тіркелген көлемнен 500 кв. метрге артық екендігін айтады.  ГФР-дің ескерілмеген аймағын ол елдің шығысынан тапқан, деп жазады жергілікті Bild газеті.

Әңгіме Кирнич өзені маңынан қиысатын Грмания мен Чехия шегарасы жайында. Бемнің байқауынша, жыл өте өзен арнасының бір бөлігі оңтүстікке қарай ойысқан.

Өзінің есебін картограф Чехиямен шектесетін Саксония аталған Германияның федеративті жерінің ІІМ-не жолдап үлгерген. "Барлық қажетті өлшемдер жүргізіледі", - деп хабарлады ведомстовадағылар. Егер картографтың айтқаны расталса, екі елдің өкілдерінен құралған арнайы комиссия құрылады.

Ол ресми түрде ГФР пайдасына шегараның ойысқанын тіркейтін болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!