Балтиморда белгісіз адам шерушілерге оқ атқан

Фотография - Балтиморда белгісіз адам шерушілерге оқ атқан

Бұл туралы Балтимордың полиция басқармасы хабарлады.

239 0

Белгісіз адам Балтиморда өтіп жатқан наразылық шеруіне оқ атып, төрт әйел мен бір ер адамды жаралады. Наразылық шеруі осы қала көшелерінде болып тұратын зорлық-зомбылыққа қарсы өтіп жатқан, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл туралы Балтимордың полиция басқармасынан мәлімдеді.

Полиция мәліметі бойынша, "жарақаттар өмірге қауіп төндірмейді". Әзірге оқ атылуының себебі де, күдіктілер де белгісіз.

Наразылық шеруі жексенбі күні Балтиморда 24 жасар қара нәсілді жігіттің өлтірілуіне байланысты өтті. Оны марқұмның туыстары мен жақындары ұйымдастырып, оған 30-40 адам қатысқан.

Былтырғы жылы Балтиморда 344 адам өлтіру оқиғасы болып, оның 301 оқиғасында оқ қару қолданылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!