Назарбаев Италия премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Фотография - Назарбаев Италия премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы жолаушылар пойыздары соқтығысуы салдарынан ондаған италиялық азамат опат болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

128 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италия премьер-министрі Маттео Ренциге Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Today.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстан Президенті жолаушылар пойыздарының соқтығысуы салдарынан  ондаған италиялық азамат опат болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мұның алдында көз жұмғандар отбасына Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов көңіл білдірген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!