Венесуэлада азық-түлікті таратуды әскер бақылайды

Фотография - Венесуэлада азық-түлікті таратуды әскер бақылайды

Бұл экономикалық дағдарыспен күрес аясында қабылданған шара.

209 0

Венесуэладағы кемежайлар ел әскерінің бақылауына өтеді, деп хабарлайды 24.kz. 

Бұл экономикалық дағдарыспен күрес аясында қабылданған шара. Тіпті кемежайлардың бірыңғай мемлекеттік басқармасы да құрылған. Жергілікті биліктің айтуынша, енді жемқорлықты тыюға болады. Жаңа басқарма қызметкерлері шетелден келетін азық-түлікті тексерумен айналыспақ. Елде ең қажетті деген тауарлар тапшылығымен күрес аясында да бірқатар жаңа шаралар қабылданып жатыр. Бұдан былай Венесуэла әскері азық-түлік пен дәрі-дәрмектің жеткізілуін, таратылуын да бақылайды. Осы ретте Президент Николас Мадуро арнайы орган құруға бұйрық берді. Оны мемлекеттің қорғаныс министрі басқарады. Айта кеткен жөн, мұнай бағасының құлдырауына байланысты қазір Венесуэланы экономикалық дағдарыс жайлап тұр. Мұнда азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшы.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!