Германия Оңтүстік Суданнан өз азаматтарын көшіріп алды

Фотография - Германия Оңтүстік Суданнан өз азаматтарын көшіріп алды

Неміс және басқа елдердің азаматтары көршілес Угандаға әскери жүк ұшақтарымен жеткізілген.

118 0

Германия Оңтүстік Суданнан өз азаматтарын көшіріп алды, деп хабарлады 24.kz.

Неміс және басқа елдердің азаматтары көршілес Угандаға әскери жүк ұшақтарымен жеткізілген. Жалпы дипломатиялық эвакуация аясында 4 рейс жүзеге асырылды. Бұл ұшақтар жерден атылған зымыран соққысынан арнайы қорғалған. Қауіпсіздік мақсатында операция туралы басқа ақпараттар жария етілмеді. Бұған дейін шығыс африкалық елден Біріккен Ұлттар Ұйымы мен АҚШ әкімшілігінің қызметкерлері кеткен болатын. Айта кеткен жөн, Оңтүстік Судан астанасы Джубада үкімет әскері мен бүлікші топтар арасында қарулы қақтығыс болған еді. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, жанжал салдарынан 300-ден астам адам қаза тапқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!