Қырғызстанда қыз бала таксимен өзін зорлағандардың соңынан түскен

Фотография - Қырғызстанда қыз бала таксимен өзін зорлағандардың соңынан түскен

Ер адамдар мас күйінде милициадан қашқан.

2521 0

Қырғызстанның Ош қаласында жол-потрульдік милиция қызметкерлері топпен қызды зорлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Today.kz жергілікті Turmush сайтына сілтеме жасай отырып.

Ош қаласының ІІБ-дан хабарлағандай, 14 шілдеге қараған түні милицияның кезекші бөлімі қатты жылдамдықпен келе жатқан Opel маркалы көлігін тоқтатқан. Заңды талапқа бағынбай жүргізуші қашуға тырысқан. Артынан қуып жеткен милиция қызметкерлері жүргізуші мен екі жолаушының мас екенін көрген және олар мемлекеттік нөмірді түсіп қалайын деп тұрған соң жүк салғышқа салып қойдық деп сылтау айтқан.

Осы сәтте полициядан кейін таксиге отырған қыз келіп жетіп, ұсталған үш адамның оны Қарасу ауданындағы Фурқат ауылының маңында зорлаған мәлімдеп, шара қолдануын сұраған. Жағдайды анықтау үшін төртеуі де бөлімшеге жеткізілген. Қыздың үстіндегі киім жыртылған болып шықты.

Алдын ала тергеу бойынша, үш ер адам үйіне бармақшы болған қызды көлікке күшпен отырғызып, жолда оны зорлаған. Қыз бала нөмірді жаттап қалмас үшін шешіп тастаған. Одан кейін қызды қалаға алып келіп, көшелердің біріне тастап кеткен.

"Қыз ер адамдардың мекенжайларын білу үшін олардың соңынан түскен", - деп атап өтті құқық қораушылар.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бірі 23, ал өзге екеуі 21 жаста.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!