Ниццадағы теракт: қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ

Фотография - Ниццадағы теракт: қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов мәлімдеді.

641 0

Ниццадағы теракт саладырнан қаза болған немесе зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келген жоқ. Бұл туралы Today.kz тілшісіне ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта Ниццадағы теракт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар деген ақпарат келіп түскен жоқ. Ақпарат тексерілуде", - дейді Жайнақов.

Ниццада Бастилияны алу күнін тойлау кезінде Ағылшын жағажайында жүк көлігі сағатына 60-70 шақырым жылдамдықпен топталған адамдарды қаққан. Қала басшылығы мұны теракт деп атады. Соңғы мәліметтер бойынша оқиға салдарынан 80 адам көз жұмып, 100-ден аса адам жарақаттанған. Жүк көлігінің жүргізушісін полиция атып тастады.

Ниццадағы терактіге байланысты ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов көңіл білдірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!