ИСИМ (ДАИШ) содырлары Ниццадағы шабуылды өз мойнына алды

Фотография - ИСИМ (ДАИШ) содырлары Ниццадағы шабуылды өз мойнына алды

Полиция қайғылы оқиғаны теракт ретінде тергеуде.

256 0

Ниццадағы теракті үшін жауапкершілікті ИСИМ (ДАИШ)* ұйымы өз мойнына алды, деп хабарарайды Today.kz жергілікті France 24 арнасына сілтеме жасай отырып.

14 шілде сағат 23:00 шамасында содырлар мінген көлік Францияның ұлттық мерекесі кезінде адамдарды қаққан. Жүк көлігі көбірек адамды қағу мақсатында ирелеңдеп жүрген. Осыдан кейін атыс басталған.

Атыс кезінде жүргізуші мерт болды. Көлікте қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінде жүргізушінің құжаты табылған – ол Франция және Тунис азаматы.

БАҚ өкілдерінің айтуынша, бүтін отбасымен қаза болғандар бар.  Көз жұмғандар арасында кемінде бір ресейлік бары анықталды.

Франциядағы төтенше жағдай тағы үш айға созылады.

ИСИМ (ДАИШ)* - Қазақстан Республикасы аумағында қызметіне тиым салынған террористік ұйым.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!