Кенияда ер адам 4 полицейді атып өлтірді

Фотография - Кенияда ер адам 4 полицейді атып өлтірді

Жергілікті биліктің хабарлауынша, шабуылшының "Аш-Шабаб" лаңкестік ұйымымен байланысы болуы мүмкін.

186 0

Кенияда экстремизмге қатысы бар деген күдікпен тұтқындалған ер адам полиция бөлімшесінде атыс ашты, деп хабарлайды 24.kz.

 Салдарынан 4 тәртіп сақшысы көз жұмған. Жергілікті ақпарат құралдары 6 кісінің қазасы жайлы хабарлайды. Артынша қаскөй бірнеше адамды тұтқынға алған. Олардың нақты саны әзірге белгісіз. Қазір оқиға орны қоршауға алынды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, шабуылшының "Аш-Шабаб" лаңкестік ұйымымен байланысы болуы мүмкін. Алдын ала мәлімет бойынша ер кісі осы топ қатарына адам тартумен айналысқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!