Түркия Президенті халық алдында сөз сөйледі

Фотография - Түркия Президенті халық алдында сөз сөйледі

Қарулы қақтығыс кезінде әскери төңкеріс ұйымдастырмақ болған 16 адамның көзі жойылып, 750-ден астам бүлікші қамалды

339 0

Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған халық алдында сөз сөйледі, деп хаабрлады 24.kz.

Ол отырысты Ыстамбұл әуежайында өткізген. 

Реджеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті: - Түркияда халықтың дауыс беруі арқылы сайланған басқарушы партиясы мен Президенті бар. Біз ары қарай да өз міндеттерімізді атқаруға ниеттіміз. Біз мемлекетті бүлікшілердің қолында қалдырмаймыз. Олардың қолына қару алып, оны халыққа, біреудің анасына, әкесіне кезеуі дұрыс емес. Олай істегендер қатаң жауапқа тартылады. Бұл топ әскери төңкерісті тамызда өтуі тиіс Жоғарғы іскери кеңестің отырысы алдында жасамақ болған. 

Соңғы мәліметтер бойынша, қарулы қақтығыс кезінде әскери төңкеріс ұйымдастырмақ болған 16 адамның көзі жойылып, 750-ден астам бүлікші қамауға алынған. 5 генерал мен 29 полковник қызметінен босаталды. Әскери төңкеріс жасамақ болған тағы бір генерал атыс кезінде жан тапсырған. Ал Түркиядағы қарулы қақтығыстар барысында бір түн ішінде 60 адам қаза тапты. Олардың 42-сі ел астанасы Анкарада көз жұмған. Арасында әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындар да бар. 150 адам жараланды. Соңғы деректер бойынша, Түркия парламентінің ғимаратына оқ жаудырған тікұшақ атып түсірілді. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!