Оңтүстік Суданда БҰҰ-ның азық-түлік қоймасы тоналды

Фотография - Оңтүстік Суданда БҰҰ-ның азық-түлік қоймасы тоналды

Онда 4 жарым тоннадан астам тамақ сақталыпты.

196 0

Оңтүстік Судан астанасы Джубада Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының қоймасы тоналды, деп хабарлады 24.kz.

 Онда 4 жарым тоннадан астам тамақ сақталыпты. Ұйым өкілдерінің айтуынша, ол тағамдар 220 мың адамды бір мезетте азықтандыруға жететін еді. Қоймада жүк көліктері мен электр генераторлары да болыпты. Қақтығыс жайлаған Оңтүстік Суданнан шетел азаматтарын көшіріп әкету ісі әлі жалғасуда. Айта кеткен жөн, өткен аптада Джубада қарулы қақтығыстар болып, 300-дей адам қаза тапқан еді. Бұл жанжал жергілікті Динка мен Нуэр қауымдарының арасынан шықты. Олар 2013-ші жылдан бері қырғи-қабақ. Осы уақыт аралығында ондаған мың тұрғын ажал құшып, 2 миллионнан астамы босқынға айналған. Былтыр қарсылас топтардың арасында бейбіт бітім орнап, биыл қайта бұзылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!