АҚШ өзінің Түркиядағы сәтсіз төңкеріске қатысы барын жоққа шығаруда

Фотография - АҚШ өзінің Түркиядағы сәтсіз төңкеріске қатысы барын жоққа шығаруда

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бұл қауесеттің Анкара мен Вашингтон арасындағы қатынасқа зиян екендігін айтты.

239 0

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Түркияның СІМ басшысы Мевлют Чавушоглумен телефон арқылы сөзінде Вашингтонның елдегі төңкеріс жасауға тырысу оқиғаларына қатысы бар деген пікірдің қате екенін айтты. 

Оның айтуынша, АҚШ-тың сәтсіз төңкеріске қатысы бар деген пікір қате және АҚШ-пен арадағы  қарым-қатынасқа кері әсер етеді.

Ал Түркияның сыртқы істер мннистрі өз кезегінде түрік үкіметінің мемлекеттік мекемелерді бақылап отырғанын жеткізіп, қолдау білдіргені үшін Вашингтонға алғысын білдірді.

16 шілдеге қараған түні бір топ адам Түркияда әскери төңкеріс жасауға тырысты. Негізгі қарсыластық Анкара мен Ыстамбұлда болды. Түркия басшылығы көтерілістің басылғанын жариялады. Соңғы ақпарат бойынша, бұл оқиға кезінде 265 адам мерт болып, 1440 адам жарақат алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!