Пәкістандық ғаламтор жұлдызын "ар ісі үшін" өз ағасы өлтірген

Фотография - Пәкістандық ғаламтор жұлдызын "ар ісі үшін" өз ағасы өлтірген

Өз ағасы оны ата-анасының үйінде өлтірген.

1255 0

Пәкістандық Ким Кардяшьян ретінде танылып кеткен 26 жасар Кандил Балухтың өлі денесін ата-анасы Мултан қалсындағы өз үйлерінен тапқан, деп жазады Today.kz . Танымал блогер қыздың өліміне басты күдікті оның ағасы.

Алдын ала нұсқа бойынша, ағасы оның ісін отбасының арына нұқсан келтіреді деп өлтірген. Іс бойынша сараптама тағайындалған.

Полиция басшысы Мултан Азхар Акрамның хабарлауынша, ата-анасы берген куәлігіне сәйкес, ағасы оны қылқындырып өлтірген.

Көз жұмған Кандил Балухтың шын аты - Фаузия Азим.  Ол Желіде көптеген ашық түскен суреттерінің арқасында танымал болды. Қыздың парақшасына жүз мыңдаған адам жазылған. Алайда, жазылушылар ішінде оның ісіне наразылар да болған.

Қыздың Пәкістан Ұндістанды крикеттен ұтар болса стриптиз билеп беретіні туралы уәдесі ерекше дау тудырды. Дегенмен қыз ешқашан суреттер мен бейнероликтерде шешініп түскен емес. Оның ісіне наразы адамдар бұл қылықтар пәкістандық және мұсылмандық әдепті бұзу деп есептейтін.

Пәкістанда 2015 жылы қылықтары ар-ұяттан жұрдай деп есептелген мыңдаған әйел өз туыстарының қолынан мерт болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!