Түркиядағы оқиғалардан кейін 400 судья мен прокурор тұтқындалды

Фотография - Түркиядағы оқиғалардан кейін 400 судья мен прокурор тұтқындалды

None

712 0

Түркияда мемлкеттік төңкеріс жасауға әрекетіне қатысы бар судьялар мен прокурорларды тұтқындау жалғасуда. Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, қазіргі кезде 426 адам ұсталған.

Мұның алдында Түркия үкіметі 2 700 прокурор мен судьялардың ұстау керектігін мәлімдеген. Қазіргі кезде олар жұмыстан шеттетіліп, ірі қалалардың прокуратуралары оларды ұстауға ордер шығаруда. Ұсталғандар арасында Конституциялық соттың екі мүшесі бар, ал Адана қаласының прокуроры әйелімен бірге Германияға ұшып кетпек болған жерінде, Измир әуежайында тұтқындалды.

Әскери қызметкерлерді де тұтқындау жүріп жатыр. Дениз қаласында 51 әскери, соның ішінде әскери арнайы жасақ бригадасының гарнизонының офицерлері де бар.

Жалпы путчке қатысты үш мыңға жуық әскери ұсталған.

Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандарға "отанды сату" мен "фетхуллахшылар террористік ұйымына" мүше деген айыптар тағылуда. Бұл айыптар бойынша кінәлілер он жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!