Түркияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді

Фотография - Түркияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді

ТЖ режимін енгізу шешімі үкімет отырыснда қабылданды.

307 0

Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған елдегі оқиғаларға байланысты төтенше жағдай енгізді. ТЖ режимін енгізу шешімі үкімет отырыснда қабылданды.

Эрдоған елдегі путчке "террористік элементтердің" қатысы барын атап өтті. ТЖ режимі көтеріліс салдарын жедел жою үшін ел Конституциясының 120-бабы бойынша үш айға енгізілді.

Естеріңізге салсақ, 16 шілдеде Түркияда бір топ әскерилер елдегі билікті басып алуға әрекеттенген. Көтерілісшілер Анкара мен Ыстамбұл көшелеріне әскери техника шығарған.

Нақты мәліметтер бойынша, путч кезінде 208 адам көз жұмған. Ал көтеріліске қатысы бар деп ұсталғандар саны 7 500 адамнан асып кетті, соның ішінде 100 генерал мен адмирал бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!