Италияда 7,5 млн еуродан астам жасанды банкнот табылды

Фотография - Италияда 7,5 млн еуродан астам жасанды банкнот табылды

Құқық қорғаушылардың айтуынша, оңай олжа тапқысы келгендер 20 еуролық банкнотты айнытпай басып шығарып келген.

236 0

Италияда жалған ақша жасаумен айналысқан 3 адам қолға түсті. Олардың үйін тінту кезінде 7,5 млн еуродан астам жасанды банкнот табылған, деп хабарлады 24.kz.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, оңай олжа тапқысы келгендер 20 еуролық банкнотты айнытпай басып шығарып келген. Ептілер өз ойын елдің оңтүстігіндегі Неаполи маңындағы пәтерде іске асырған. Айта кету керек, 20 еуролық банкноттың жаңа үлгісі өткен жылы ғана айналымға енген және бүкіл Еуропа аймағында қолданылады. Мамандардың айтуынша, банкноттың қорғанышы өте берік, алайда мінсіз де емес. Жергілікті тұрғындар арасында Неаполь Италияда қолдан ақша жасаудың шеберлері шоғырланған қала деп саналады. Соңғы екі жыл ішінде полиция бұл аймақтан 50 млн еуро көлемінде жалған банкноттар тәркілеген.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!