Перуде қар көшкіні альпинистер тобын басып қалды

Фотография - Перуде қар көшкіні альпинистер тобын басып қалды

Оқыс оқиғаға тап болған халықаралық альпинистер Анд тауларының Перудегі ең биік шыңын бағындыруды көздеген.

357 0

Перудің Уаскаран тауында қар көшкіні жүріп, бір топ альпинист ақ ұлпа астында қалды. Олардың арасында Мексика, Перу және Испания азаматтары бар, деп хабарлады  24.kz.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, құтқарушылар екі испан азаматы мен бір перулікті аман алып шықты. Ал қалғандары іздестірілуде. Жергілікті дәрігерлер құтқарылған спортшылардың өміріне ешқандай қауіп жоқ деп мәлімдеді. Олардың бірі тауға өрмелеуші топтың құрамында 6 адам болғанын айтып отыр. Оқыс оқиғаға тап болған халықаралық альпинистер Анд тауларының Перудегі ең биік шыңын бағындыруды көздеген. Айта кету керек, Уаскаран шыңдары шытырман оқиғаға жаны құмар адамдар арасында кеңінен танымал. Теңіз деңгейінен 5 мың 8 жүз метр биіктікте орналасқан. Ондағы ауа температурасы да өте салқын. Сондықтан қауіпті аймақ болып есептеледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!