Арменияда қақтығыстан 45 адам жараланды

Фотография - Арменияда қақтығыстан 45 адам жараланды

Соңғы мәліметтерге қарағанда, 45 адам жараланып, дәрігер көмегіне жүгінген.

148 0

Армения астанасында ереуілшілер мен полиция арасындағы қақтығыстың тыйылар түрі жоқ, деп хабарлады 24.kz. 

Соңғы мәліметтерге қарағанда, 45 адам жараланып, дәрігер көмегіне жүгінген. Оның 25-і тәртіп сақшысы. Ашынған жұрт 17 шілде күні қарулы топ басып алған полиция бөлімшесін күзетіп тұрған жасақты таспен атқылауда. Қақтығысқа дейін оппозициялық партия атынан халық қалаулысы атанғандар көпшілікті сабыр сақтап, бүлікке бармауға шақырған. Дегенмен оған құлақ асқан ешкім болмады. Еске сала кетейік, қаруланған топ полиция бөлімшесін өткен жексенбіде басып алып, ішіндегі адамдарды кепілдікке алған. Олармен қақтығыс кезінде бір тәртіп сақшысы қаза тауып, бірнешеуі жараланды. Бүгінде полиция бөлімшесіне бекінген оппозициялық топ 4 адамды ұстап отыр. Олар үкіметтен заңсыз қару ұстады және жасырды деген айыппен қамауға алынған оппозиция жетекшісін босатуды талап етуде. Ал билік олармен келіссөздер жүргізіп, өз еріктерімен берілуге шақырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!