Ресейде метро маңында сауда жасайтын әжейлердің 80%-ы қылмыстық топ мүшелері

Фотография - Ресейде метро маңында сауда жасайтын әжейлердің 80%-ы қылмыстық топ мүшелері

Ресейдің қауіпсіздік және ықпалдасу қоғамдық палатасы комиссиясының төрағасы Антон Цветков осындай мәлімдеме жасады.

907 0

Ресейде метро маңында сауда жасайтын зейнеткерлердің 80 пайызы ұйымдасқан қылмыстық топқа жұмыс істейді. Ресейдің қауіпсіздік және ықпалдасу қоғамдық палатасы комиссиясының төрағасы Антон Цветков осындай мәлімдеме жасады.

"Заңсыз сауда жасаушылар көбіне этникалық топтар өкілі және егде адмдар. Біз олардың қызметін мұқият зерттедік. Метро маңында азық-түлік сататын әжейлердің 80 пайызы ұйымдасқан қылмыстық топқа жұмыс істейді. Міне, "Выхино" метросы жанында аскөк сататын әжей, күніне 12 мың рубль алады. Бұның кірісін елестетіп көріңізші. Әрине, ақшаның барлығы әжейде қалмайды", - дейді Цветков.

Сонымен бірге, түрлі метро станцияларында сауда орындарының саны бөлек болатындығын және ол жолаушылар санына қарай өсе түсендігін айта кетті комиссия төрағасы. "Біз заңсыз саудамен және азық-түлік өндіріп, оны метро маңында сататын этникалық топтар қызметімен белсенді күресіп келеміз", - деді Антон Цветков.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!