Францияда рейд кезінде 20 адам тұтқындалды

Фотография - Францияда рейд кезінде 20 адам тұтқындалды

Жергілікті биліктің хабарлауынша, бұл рейдтің Ниццадағы шабуылға еш қатысы жоқ.

206 0

Франция астанасы Париждің іргесінде лаңкестікке қарсы операция өтті, деп хабарлады 24.kz.

Арнайы іс-шара барысында 20 адам қамауға алынған. Арасында әйелдер де бар. Жергілікті биліктің хабарлауынша, бұл рейдтің Ниццадағы шабуылға еш қатысы жоқ. Естеріңізде болса, 14-ші шілдеде бұл қалада жүк көлігімен жүйткінген 31 жастағы азамат от-шашуды тамашалап жүрген адамдарды жаншып өткен еді. Артынша, қаскөйдің көзі жойылды. Қанды қырғын салдарынан 84 адам ажал құшқан. Соңғы мәлімет бойынша, марқұмдардың жақындары мен шабуыл кезінде жапа шеккендерге өтемақы төленуде. Жалпы сома 400 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ, лаңкестік әрекетке қатысты бар деген күдікпен қамауға алынған 5 адамға айып тағылып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!