Түркияда Эрдоғанның 300-ге жуық қорғаушысы тұтқындалды

Фотография - Түркияда Эрдоғанның 300-ге жуық қорғаушысы тұтқындалды

Әзірге ел астанасындағылар ғана ұсталды.

205 0

Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысы бар деген күдікпен президенттік гвардияның 283 мүшесі ұсталды.

Үкімет 300 адамға ордер шығарғанымен, әзірге ел астанасындағылар ғана ұсталды.

Мұның алдында елдің вице-премьері Нуреттин Джаникли көтерілістен кейінгі 60 мыңнан астам адамның ұсталуы мен жұмыстан шығарылуы тек басы ғана екенін және тұтқындаулар әлі көп болады деген. Жұмыстан босатылған және тұтқындалғандар арасында тоғыз мыңнан астам полицей, үш мың судья және алты мың әскери, сонымен қатар университет оқытушылары мен декандар бар. Кешегі күні Реджеп Тайип Эрдоған әскери төңкеріс басылғалы бері 10 400 адам тұтқындалғанын мәлімдеген болатын.

Елдегі болған жағдайларға байланысты Түркияда үш айлық төтенше жағдай режимі енгізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!