Ереванда адамдарды кепілге алған топ екі полицейді босатты

Фотография - Ереванда адамдарды кепілге алған топ екі полицейді босатты

Олар журналистердің тәуліктік кезекшілігін талап етті.

141 0

Ереван полициясының патрульдық-күзет полкінің ғимаратын басып алған қарулы топ екі полицейді босатты, деп жазады Today.kz. Есесіне қылмыскерлер тілшілер пунктін ашуды талап етті.

"Талқылаудан кейін медиаорталық ашылғанға дейін екі жас полицейді босатуды ұйғардық. Біз БАҚ өкілдерін келесідей шарттармен шақырамыз: біз бұқаралық құрал өкілдерімен келісеміз, оларды кіргіземіз, полиция оларды бөгетсіз жібереді. Кезекшілікті тәуілік бойы етуді ұсынамыз. Екі полицйеді қазір босатамыз, тағы екеуін тілшілер пункті ашылған соң", - дейді топ мүшесі Варужан Аветисян.

Естеріңізге салсақ, Еревандағы полиция бөлімін басып алу кезінде бір полиция қызмектері көз жұмып, екеуі жараланды. Қылмыстық топ құрды деген айыппен 20 шілдеде тұтқындалған оппозиция өкілі Жирайр Сефилянның жақтастары "қарулы көтеріліс" арқылы "Армениядағы жағдайды өзгерту ниеті" туралы жариялағн болатын.

Ереван полициясының патрульдық-күзет полкінің ғимаратын басып алған қарулы топ әлі де адамдарды кепілде ұстап отыр. Арменияның ұлттық қаупсіздік қызметі мен полициясы таратқан ақпарат бойынша, қылмыскерлер өздерінің көшбасшысы, оппозициялық қозғалыс үйлестірушісі Жирайр Сефилянды босатуды талап етуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!