Перуде ереуілшілер экс-президентті түрмеден босатуға шақырды

Фотография - Перуде ереуілшілер экс-президентті түрмеден босатуға шақырды

Бұл шараны оның жақтастары әлеуметтік желілердің көмегімен ұйымдастырған.

284 0

Перу астанасы Лимада түрмеде отырған экс-перзидент Альберто Фухимориді қолдаған шеру өтті, деп хабарлайды 24.kz.

 Бұл шараны оның жақтастары әлеуметтік желілердің көмегімен ұйымдастырған. Оған қатысушылар жаңадан сайланған мемлекет басшысы Педро Кучинскиге бұрынғы президентті рақымшылық жариялауға шақырды. Естеріңізге сала кетейік, Альберто Фухимори 2007 жылдан бері түрмеде отыр. Сот оны жемқорлық былығына байланысты айыптап, 25 жылға соттаған еді. Фухимори ел тізгінін ұстаған 1990жылдары 200 миллион долларды қалтаға басқан екен. Сонымен қатар ол көтерілісшілермен соғыс кезінде шектен шыққан қатыгездік жасады, журналистер, бизнесмендер мен саясаткерлердің сөздерін заңсыз тыңдап, парамен сатып алған деп айыпталды. Фухимори өз кезегінде, көп жылдар бойы елді қорқынышта ұстап келген Солшылдар тобы билік қабылдаған шаралардың нәтижесінде біржола жойылғанын айтып ақталған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!