АҚШ-тағы өрттен 300 отбасы қауіпсіз аймаққа көшірілді

Фотография - АҚШ-тағы өрттен 300 отбасы қауіпсіз аймаққа көшірілді

Тілсіз жау 4 жарым мың гектар аумақты шарпыған.

186 0

АҚШ-тағы Лос-Анджелес қаласының солтүстігінде өршіген өрттің кесірінен 300 отбасы қауіпсіз аймаққа көшірілді, деп хабарлады 24.kz. 

Тілсіз жау 4 жарым мың гектар аумақты шарпыған. Оны ауыздықтауға 300-ден астам өрт сөндіруші мен 30-ға жуық тікұшақ жұмылдырылған. Алайда күннің күрт ысуы мен желдің ұйытқуы жұмысқа кедергі келтіруде. Қазір сынап бағанасы 41 градустан асып тұр. Әзірге жарақат алып, қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Мамандар отқа оранған аймақтағы жолдың 10 бағытын жауып тастады. Ал көшірілген тұрғындарды Қызыл жарты ай ұйымы уақытша баспанамен қамтамасыз етуде.



Тегтер:

өрт ақш әлем

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!