Киевтің ең әдемі әйел полицейі күдікті бетіне түкіріп жібергеннен көз жұмды

Фотография - Киевтің ең әдемі әйел полицейі күдікті бетіне түкіріп жібергеннен көз жұмды

Бұл туралы оның әріптесі хабарлаады.

1861 0

Украина құқық қорғау органдарының қызметкері Михаил Киндракевич өзінің Facebook-тегі парақшасында Киевтің ең әдемі әйел полицейі Арина Кольцованың көз жұмғаны туралы жазды, деп хабарлайды Today.kz. Оның айтуынша, Арина 2015 жылы өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде сырқаттанып қалған.  

"Аринаның айтуына қарағанда, ол Жаңа жылдан кейін ұсталған күдікті оның бетіне түкіріп жібергеннен соң сырқаттанып қалған. Біраз уақыт өте Арина плацта тұрып естен танып қалды, содан бері ауруханада, кейде үйінде ем қабылдап жатты", - деп жазды Михаил Киндракевич.

Киндракевич Аринамен бір жыл бұрын танысқанын айтты. Соңғы уақытта әйел қатты арықтап, кейін тіпті тамақ ішуден қалған екен.

"Арина жыл бойы өкпе ауруымен күресіп келді. Химиотерапия, балалр тамағы, капельница арқылы тамақтандыру, көп салмақ жоғалтты. Соңғы кездері жағдайы ауырлап, тамақ ішуден қалды", - дейді Киндракевич.

ІІМ қызметкері болған Арина Кольцованың суреті украиналық баспа ең көп таратқан және полиция туралы жаңалықтарға заставка ретінде қолданылған бейне ретінде есептеледі. Әйел адамның артында кәмелетке толмаған қызы қалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!