Жапонияда мүгедектер үйіндегі қырғыннан 19 адам қаза тапты

Фотография - Жапонияда мүгедектер үйіндегі қырғыннан 19 адам қаза тапты

Тағы 45-і жарақат алған. Кейбірі ауыр халде жатыр.

348 0

Жапонияның Сагамихара қаласында 26 жастағы ер адам мүгедектер үйінде шабуыл жасады, деп хабарлайды 24.kz. 

Алдын ала мәлімет бойынша, ол 19 адамды пышақтап өлтірген. Бірақ полиция 15 кісінің құрбан болғанын ресми растады. Тағы 45-і жарақат алған. Кейбірі ауыр халде жатыр. Қаскөй мүгедектер үйінің тұрғындарының мойын, қолдары мен кеуде жағына пышақ жұмсаған. Қырғын жасаған қаскүнем полицияға өзі келіп берілді. Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған осы мекемеде бұрын жұмыс істеген екен. Полиция күдіктінің мұндай іске не үшін барғанын анықтап жатыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!