Франция премьері салафизмге тыйым салуды ұсынды

Фотография - Франция премьері салафизмге тыйым салуды ұсынды

Оның айтуынша, салафиттік ағым тек Франция үшін ғана емес, мұсылман халқының өзіне үлкен қауіп төндіріп тұр.

257 0

Францияда салафиттік ағымға заңдық тұрғыда тыйым салу керек. Бұл туралы Франция премьер-министрі Мануэль Вальс мәлімдеді, деп хабарлады muslim.kz.

"Қазіргі уақытта салафиттік ағым заңнан тысқары қалып келеді. Бірақ бізге халыққа қауіп төндіруші діни ағым немесе секта ретінде тыйым салатын кез жетті" деді Үкімет басшысы парламент мінберінде.

Оның айтуынша, салафиттік ағым тек Франция үшін ғана емес, мұсылман халқының өзіне үлкен қауіп төндіріп тұр. "Франция мұсылмандары салафиттік ағыммен күресті бастау қажеттігін түсінуі керек. Олар бізге шынайы исламды жат ағымнан ажыратуда көмектескені жөн" дейді Мануэль Вальс.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!