Африкада еркін жүрген 500 піл қорыққа көшіріледі

Фотография - Африкада еркін жүрген 500 піл қорыққа көшіріледі

Себебі бүгінде бұл қорықтағы пілдерді браконьерлер атып тауысқан.

168 0

Малавидегі қос ұлттық паркте еркін жүрген 500 піл қорыққа көшірілетін болды., деп жазды 24.kz.

Себебі бүгінде бұл қорықтағы пілдерді браконьерлер атып тауысқан. Енді табиғат қорғаушылар осы кемшілікті алып жануарларды бір жерден екінші жерге көшірумен толықтырмақшы. Ал салмақтары 2,2 тоннадан 6,3 тоннаға дейін болатын пілдерді көшіру - анау-мынаудың қолынан келе бермейтін іс. Бұл үшін ветеринар олардың үстіне тікұшақпен төніп барып, ұйықтататын дәрімен атады. Ұйықтап қалған жануарды қарап шығады да оған аңдуға арналған құралды кигізеді. Тек осыдан кейін ғана пілдер жүк көлігіне тиеледі. Артынша басынан тағы бір рет дәрімен шаншылған пілдер оянып, тасымалдау контейнеріне тиеледі. Сөйтіп, 297 шақырым жерді еңсерген олар қорыққа жеткізіледі. Егер барлығы ойдағыдай болса, бұл қорықта өсіп-өнген алып жануарларды пілдер мүлде қалмаған аймақтарға көшіруге болады



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!