Американдық әйел ашық-шашық селфи үшін қызын тікелей эфирде сабаған

Фотография - Американдық әйел ашық-шашық селфи үшін қызын тікелей эфирде сабаған

Шанавия жасөспірім қызын фанера сынығымен, кейін қолымен ұрған.

5120 4

Американдық әйел Facebook-те 16 жасар қызын сабағанын трансляциялаған.

Джорджия штатының тұрғыны Шанавия Миллер қызының парақшасынан ашықтан-ашық түскен суретін көріп ашуға мінген. Онда Ниа Грин өзінің жігітімен бірге суртке киімсіз түскен, қыздың үстінде орамал ғана болған.

Шанавия жасөспірім қызын фанера сынығымен, кейін қолымен ұрған. Болып жатқан жәйтты үшінші адам түсіріп тұрды. Соңында әйел смартфонды алып жатып, енді қызының парақшасын өзі қарап отыратындығын айтты.


Кейін Нианың анасы пост жазып, онда болған жайтқа қарамастан қызын бұрынғыдай жақсы көретінін және сыйлай беретіндігін жеткізді. Аз уақыттан кейін осы парақшада Нианың өзі жігітімен болған жақындығы туралы анасына айтуы керек болғанын және анасының әрекеті түсінікті екенін жазыпты.

Бұл оқиға бірден құқық қорғау органдарының көзіне түскен. Полиция қызметкерлері жасөспіріммен байланысқа шыққан, бірақ ол қазір қауіптің жоғын айтқан. Істі балаларды қорғау қызметі қарайтын болады.



Загрузка...

Пікір (4)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Айдос 28 шіл. 2016

бьет значит любит деген осы болар)))

Жауап беру


Қойшы бала 28 шіл. 2016

Шешесінің өзінде де ұят жоқ сияқты ғой...)))

Жауап беру


Жулдыз Бузаукызы 29 шіл. 2016

она сама почти голая... зачем бить бедного ребенка, если сама такая же... вопитания начинается с тебя же!

Жауап беру