Түркияда екі апта ішінде 16 телеарна жабылды

Фотография - Түркияда екі апта ішінде 16 телеарна жабылды

Сондай-ақ 3 ақпараттық агенттік, 23 радиостанса мен ондаған басылымның қызметі тоқтатылған.

228 0

Түркияда тойтарылған әскери төңкерістен кейін 16 телеарна жабылды6 деп хабарлайды 24.kz. 

Сондай-ақ 3 ақпараттық агенттік, 23 радиостанса мен ондаған басылымның қызметі тоқтатылған. Жергілікті билік тағы 1 мың 600 әскери қызметкердің жұмыстан босатылғанын хабарлады. Олардың 149-ы генералдар мен адмиралдар. Ал, әскери төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен қамауға алынғандардың саны 15 мыңнан асады. Олардың 10 мыңы әскери болып шықты. Айта кеткен жөн, 16 шілдеге қараған түні Түркияда бүлікші топ әскери төңкеріс жасамақ болды. Алайда қарулы күштердің көбі үкіметке адалдық танытып, бұл әрекет сәтсіз аяқталды. Соңғы мәлімет бойынша, қарулы қақтығыстар кезінде бүлікшілерді қоспағанда, 246 адам көз жұмып, тағы 2 мыңнан астамы жараланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!