Британдық жігіт өзін қыздың зорлап кеткенін айтып Желіде шағымдануда

Фотография - Британдық жігіт өзін қыздың зорлап кеткенін айтып Желіде шағымдануда

Reddit атты пайдаланушы форумда аянышты оқиғасымен бөлісті.

4300 0

Ұлыбританияда жас жігіт әйел тарапынан зорлыққа ұшарағанын айтуда.

Reddit атты пайдаланушы форумда аянышты оқиғасымен бөліскен: "Мені зорлап кетті, ал менің қызым мен оның көзіне шөп салды деп ойлайды және менімен тілдесуден бас тартуда. Оған шындықты айтып тұрғанымды қалай дәлелдесем?" – деп сұрапты жігіт. Оның айтуынша, сол күні бір кеште ол қызымен болған. Қызы ертерек кетіп қалған, ал жігіт көп ішіп қойып, бөлмелердің бірінде ұйықтап қалған. Ол оянған кезде, өзінің үстінде бейтаныс қыздың жатқанын көрген. "Мен шошып кетім де қозғала алмай қалдым, мені қатырып тастағандай болды", - дейді жігіт. Біраз уақыттан кейін толықтай есін жиған ол үйіне қайтқан, ал жолда жылағанын айтады. "Мен өзімді нашар сезінудемін, өзімнен өзім жиіркеніп жүрмін", - деп арызданды ол.

Болған жайт туралы қызы біліп қойған екен. Бірақ, зорлау туралы оқиғаға сенбеген. "Ол нөміріме бұғау қойып тастады. Не істеуге болады, айтыңдаршы?" – дейді зорлаудың құрбаны болған жігіт.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!