Арменияда бүлікшілер бір полицейді атып өлтірді

Фотография - Арменияда бүлікшілер бір полицейді атып өлтірді

Көз жұмған 30 жастағы полиция қызметкері атыс кезінде ғимараттан 400 метр жерде көлікте отырған

270 0

Ереванда полиция бөлімшесін басып алған бүлікшілер оқ жаудырып, бір тәртіп сақшысы ажал құшты, деп хабарлады 24.kz.

 Бұл туралы Армения полициясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Тәртіп сақшысын мерген атқан. Көз жұмған 30 жастағы полиция қызметкері атыс кезінде ғимараттан 400 метр жерде көлікте отырған. Естеріңізге сала кетейік, қарулы топ Еревандағы полиция бөлімшесін 17шілдеде басып алған еді. Осы кезде алғашқы тәртіп сақшысы қаза тапқан болатын. Көтерілісшілер президент Серж Саргсянның тақтан кетуін және түрмеде отырған оппозиция басшысын босатуды талап етуде. Ауданда наразылық шаралар мен қақтығыстар басылмай тұр. Қарулы топ 27шілдеде өздеріне көмек көрсету үшін келген дәрігерлерді кепілдікте ұстап отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!