Боливияда 7,5 тонна кокаин тәркіленді

Фотография - Боливияда 7,5 тонна кокаин тәркіленді

Оның қара нарықтағы құны шамамен 400 миллион долларға тең.

217 0

Боливияның арнайы қызмет өкілдері 7 жарым тонна кокаин тәркіледі, деп хабарлады 24.kz. 

Оның қара нарықтағы құны шамамен 400 миллион долларға тең. Оңай олжаға құныққандар заңсыз тауарды минералдық руда тиелген жүктің ішіне жасырып қойған. Осылайша есірткіні Орталық Америка елдері арқылы АҚШ-қа жеткізбек болған. Күштік құрылым өкілдері осы іске қатысы бар 3 адамды қамауға алды. Айта кеткен жөн, Боливия Чили және Колумбиямен қатар, қара нарыққа кокаин жеткізуден әлемде көш бастап тұр. Жыл басынан бері тек Боливияның өзінде оның 22 жарым тоннасы тәркіленген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!