Мексикада El Golfo кортелінің мүшесі пластикалық ота жасатпақ болғанда ұсталды

Фотография - Мексикада El Golfo кортелінің мүшесі пластикалық ота жасатпақ болғанда ұсталды

"Әзәзіл" лақап аты бар есірткі сатушы Мехико маңында қолға түсті.

471 0

Мексикада El Golfo ("Бұғаз") наркокортелінің бір мүшесі Давид Гарса Авила ұсталды, деп жазады "Газета.ru".

"Әзәзіл" лақап аты бар есірткі сатушы Мехико маңынан пластикалық операция жасатуға бара жатқан жерінен қолға түскен. Қылмыскер ел астанасындағы клиникалардың біріне барып, өзін табуды қиындату үшін бет әлпетін өзгертпек болған.

Давид Гарса Авила мексикалық Тамаулипас штатында адамдарды жаппай өлтіруді ұйымдастырған және АҚШ-қа есірткі тасымалдаған деген күдікке ілінді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!