Өзбекстанда президент резиденциясында бордель ашқандар сотталып жатыр

Фотография - Өзбекстанда президент резиденциясында бордель ашқандар сотталып жатыр

Сот алдында "Туркистон" мемлекеттік резиденциясы жетекшілігі жауап беруде.

1708 0

Өзбекстанда президент резиденциясында бордель ашқан шенеуніктер сот алдында жауап беруде, деп хабарлайды Today.kz.

Ташкенттің қалалық қылмыстық істер бойынша сотында Өзбекстан президентінің әкімшілігі қарамағындағы "Туркистон" резиденциясын басқарушылары үстінен сот ісі басталды.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың көктемінде мемлекеттік резиденция аумағында Ұлттық қауіпсідік қызметі арнайы операция жүргізіп, 16 жұпты ұстаған болатын, олардың ішінде прокуратура, ҰҚҚ (Ұлттық қауіпсіздік қызметі) және өзге күш құрылымдарының қызметкерлері болған. Анықталғандай, олар мемлекеттік резиденция аумағындағы котедждерді жезөкшелермен кездесуге пайдаланған. Ол кезде  Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Зелимхан Хайдаровтың тікелей араласуы нәтижесінде ұсталғандарға айыппұл ғана салып, босатып жіберген.

"Туркистон" мемлекеттік резиденциясы жетекшілігінен тек бес шенеунік қана жазадан құтыла алмады. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!