Түркияда Қазақстанның мемлекеттік туына қатысты жанжал шықты

Фотография - Түркияда Қазақстанның мемлекеттік туына қатысты жанжал шықты

Дмитрий Комовтың суреті

Қонақ үйдің кіреберісінде өңі кетіп қалған ҚР туының ілініп тұрғаны демалуға келген қазақстандықтардың шамына тиді.

501 0


Түркиядағы әйгілі шипажайлардың бірінде Қазақстанның мемлекеттік байрағына қатысты жанжал шықты. Кемерге демалуға келген қазақстандық туристер, Баян Мұратова мен Дмитрий Комов, қонақ үйдің кіреберісінде күннің астында тұрып әдбен өңі кетіп қалған тудың ілініп тұрғанын көріп, мекеменің әкімшілігіне осыған қатысты реніштерін білдірген, деп хабарлайды Today.kz.

Оқиға Kimeros Park Holiday Village шипажайында орын алды.

«Тамыздың алтысы күні біз қонақ үйге келіп, бірден күнге күйіп кеткен қазақстандық тудың ілініп тұрғанын көрдік. Біздің шамымызға тигендіктен, әкімшіліктен оны не алып тастауды, не жаңасына ауыстыруды талап еттік. Арада үш күн өтті. Бүгін біз әкімгерге тағы да жолықтық. Есесіне, «барлық елдердің тулары бір мезгілде сатылып алынғанын, бірақ ауа райының (күн, жел, жауын) қолайсыздығына байланысты кейбір елдердің жалаулары осылай жарамсыз болғанын» айтты. Ол аздай, "Сіздің елдің туы қайсысы? Жасылы ма?"-деп сұрады. Оған да шамданған мен: «Менің елімнің жалауы алтынмен апталған көк түсті!» - деп қазақстандық Дмитрий Комов жауап бергенін айтады.

 Kemeros Park Holiday Village қонақ үйіне Today.kz корреспонденті де хабарласқан еді. Олар қазақстандық туға қатысты жайттың орын алғанын жоққа шығармады. Олар бұған ауа райы кінәлі деп есептейді.

«Иә, демалушылардың қалауындағыдай тудың түсі қанық емес. Олар бұл туралы арыз жазды. Мен оны бас әкімгерге жолдадым. Бірақ, түсіндіргім келетін бір жайт бар. Қазақстан туын сатып алу оңай емес. Бұл өзге мемлекет, сондықтан Қазақстан туы оңды-солды сатылмайды. Тек тапсырыспен ғана алдыра аламыз. Ту Анталиядан табылған күннің өзінде, бізге жеткізу үшін уақыт керек. Әдетте мұндай іске екі күн қажет. Бүгін өтініш берсек, ертең жаңасын жеткізеді», – деп мәлімдеді Kemeros Park Holiday Village қонақ үйінің қонақтармен жұмыс жөніндегі әкімгері Екатерина Устинских.

 Әкімгердің сөзіне қарағанда, ту аптаған ыстықтың салдарынан сарғайып кеткен. Бірақ, мұны туристерді сыйламау әрекеті деп бағалаудың қажеті жоқ.  «Мен қонақтарға тулардың барлығы соның ішінде Түркияның да, қонақ үйдің де тулары жаңа демалу маусымы басталған кезде жаппай ауыстырылатынын түсіндірдім. Бәрі осы жолы да ауыстырылған болатын. Бірақ, Түркияда қазір 52 градус ыссы, сондықтан тулар сарғайып кетуі әбден мүмкін жағдай. Қонақтардың ескертулері ескеріледі. Біз үшін барлық елдің әр өкілі маңызды», - дейді Екатерина Устинских.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі де осы жайтқа байланысты мәлімдеме жасады. «Қазақстан елшілігі Анталияға хаабарласып, біздің азаматтардың сарғыйып кеткен туға байланысты талап-арыздарын жеткізеді. Сонымен қатар, елшілік түркиялық тарапқа барлық қонақ үйлер мен заңды тұлғалар Қазақстан туына құрметпен қарауы қажетілігі туралы хат жолдайды», - деді аталған ведомство өкілдері. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!