Түркия қонақ үйіндегі Қазақстанның өңсіз туы жанжалдан кейін ауыстырылды

Фотография - Түркия қонақ үйіндегі Қазақстанның өңсіз туы жанжалдан кейін ауыстырылды

Kemeros Park Holiday Village мекемесі жолдаған сурет

Түркиядағы қонақ үй әкімшілігі Today.kz редакциясына тудың ауыстырылғаны туралы сурет жолдады

434 0

Түркиядағы қонақ үй әкімшілігі Қазақстанның өңі кеткен туын жанжалдан кейін ауыстырды, деп хабарлайды Today.kz. Кемерде орналасқан қонақ үй мекемесі редакциямызға алмастырылған тудың суретін жолдады.

Kemeros Park Holiday Village әкімгерлері түсірген суретте қонақ үй кіреберісінде Қазақстан туы ілінгені көрініп тұр. Сөйтіп, олар ескі тудың жаңасына ауыртырылғанына сендірді.

Фото -

Естеріңізге салайық, Түркиядағы қонақ үйлердің бірінде Қазақстанның мемлекеттік туына қатысты жанжал шыққан еді. Кемерге демалуға келген қазақстандық туристер, Баян Мұратова мен Дмитрий Комов, қонақ үйдің кіреберісінде күннің әсерінен әдбен өңі кетіп қалған тудың ілініп тұрғанын көріп, мекеменің әкімшілігіне осыған қатысты реніштерін білдірген. Kemeros Park Holiday Village қонақ үйі әкімгерлері қазақстандық туға қатысты жайттың орын алғанын жоққа шығармады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі де осы жайтқа байланысты мәлімдеме жасады. «Қазақстан елшілігі Анталияға хабарласып, біздің азаматтардың сарғыйып кеткен туға байланысты талап-арыздарын жеткізеді. Сонымен қатар, елшілік түркиялық тарапқа барлық қонақ үйлер мен заңды тұлғалар Қазақстан туына құрметпен қарауы қажетілігі туралы хат жолдайды», - деген болатын аталған ведомство өкілдері.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!