Нью-Йорктегі мешіттің имамы мен оның көмекшісін белгісіз біреу атып өлтірді

Фотография - Нью-Йорктегі мешіттің имамы мен оның көмекшісін белгісіз біреу атып өлтірді

Көрнекі фото

Қылмыс Куинс ауданындағы мешіт табалдырығында жасалды.

346 0


Белгісіз ер адам Нью-Йорк қаласының Куинс ауданында имамды атып кетті. Қылмыс мешіт орналасқан ғимараттың жанында орын алған,-деп хабарлайды Today.kz НТВ.ru сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаның басы-қасында болған адамдардың айтуынша, имамды  бастан атып, ол оқиға орнында қаза тапты. Ал, кеудеден жарақат алған оның көмекшісі ауруханада көз жұмды.  

Жұрттың бұл қылмысты нәсілшілдік негізде жасалды деп бағалайтынын ескерген Нью-Йорк полициясы оқиғаға назар аударылмауын қалап отыр. Дегенмен, оқиға тонауға байланысты болуы мүмкін деген жорамал да бар. Соған қарамастан, мұсылман белсенділері істің әділ тергелуін талап етті.

Белсенділер мешіт маңында шеруге шықты. Олар АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамптың сайлау кампаниясы барысында сөйлеген сөздері елде исламға деген қорқыныштың өсуіне себеп болғандықтан, оны оқиғаның орын алуына кінәлі деп айыптады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!