Нью-Йоркте имам мен оның көмекшісін өлтірген адам айыпталды

Фотография - Нью-Йоркте имам мен оның көмекшісін өлтірген адам айыпталды

Көрнекі сурет

Қылмыскердің аты-жөні анықталды.

432 0

Нью-Йоркте имам мен оның көмекшісін өлтірді деген күмәнмен ұсталған адам айыпталды. 35 жастағы Оскар Морелға адам өлтірді және қару-жарақ сақтады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Today.kz Газета.ru сайтына сілтеме жасап.

«Айыпты полицейлер күмәнді адамның үйін тінтіп, револьвер мен бейнекамераға түсіп қалған кезде киген киімдерін тапқаннан соң, тақты.

Естеріңізге салайық, белгісіз ер адам Нью-Йорк қаласының Куинс ауданында имамды атып кеткен еді. Оқиғаның басы-қасында болған адамдардың айтуынша, имамды  бастан атып, ол оқиға орнында қаза тапты. Ал, кеудеден жарақат алған оның көмекшісі ауруханада көз жұмды.  Жұрттың бұл қылмысты нәсілшілдік негізде жасалды деп бағалайтынын ескерген Нью-Йорк полициясы оқиғаға назар аударылмауын қалап отыр. Дегенмен, оқиға тонауға байланысты болуы мүмкін деген жорамал да бар. Соған қарамастан, мұсылман белсенділері істің әділ тергелуін талап етті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!